10 Қаз 2023
Страницы КГУ «Общеобразовательная средняя школа №25 имени С.Сейфуллина» отдела развития человеческого потенциала Келесского района управления развития человеческого потенциала Туркестанской области

Оқу-тәрбие жұмыстары

Келес ауданы білім бөліміне қарасты №25 С.Сейфуллин атындағы ЖББ мектебінде білім жолындағы маңызды кезеңнің қорытындысы – «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өтті. Биылғы іс-шара «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбы аясында ұйымдастырылып, жас түлектердің азаматтық жауапкершілігі мен елдік мұраттарын дәріптеуге бағытталды.
Жиын түлектердің салтанатты шеруімен басталды. Ата-аналар мен ұстаздардың ыстық қошеметімен ортаға мектебіміздің мақтанышы – «Алтын белгі» үміткерлері мен үздік оқушылар шықты.
Салтанатты рәсім ҚР Мемлекеттік Туының енгізілуі және ГИМН шырқалуымен басталды.
Мектеп директоры Г.Былхиева сөз сөйлеп, бітіруші түлектерге Конституциялық құндылықтарды қастерлеу, заңды сыйлау және еліміздің дамуына үлес қосатын білікті маман болу туралы ақ жол тіледі.
Құрметті қонақтар, ұстаздар мен ата-аналар лебіздерін білдіріп, түлектерге өмірлік ақыл-кеңестерін арнады.
Сынып жетекшілер шәкірттеріне деген ыстық ықыластарын жеткізіп, болашаққа сенім артты.
Ал, бітіруші түлектердің ұстаздар мен ата-аналарға деген алғысы салтанатты түрде айтылды. Мереке соңында түлектер хормен Мұхтар Шахановтың «Ақ бантик» әнін нақышына келтіре шырқап, мектеппен әдемі қоштасты.
Салтанатты шара ҚР Туының шығарылуымен мәресіне жетті.
Қымбатты түлектер, заңды құрметтеп, ел ертеңі жолында биік белестерді бағындыра беріңіздер! Ақ жол!

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар